Биыл 11,8 мың этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

0
298

2020 жылдың 1 қарашасына дейін 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алғанын хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралған. Биылғы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8%-ы – Өзбекстаннан, 9,1%-ы – Түркіменстаннан, 3,4%-ы – Моңғолиядан және 2,9%-ы — басқа елдерден келді. Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды. 10 айдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here