«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды

0
325

Бүгін, 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында II Республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі басшысы Дьердь Сабо, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қаумдастығы» ЗТБ Басқарма Төрайымы Айгүл Соловьева, G-Global халықаралық хатшылығы басшысы Серік Нөгербеков қатысты.

Байқауды «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ұйымдастарды, ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы және ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі қолдау көрсетті.    

Байқау экологиялық таза «жасыл» өмірді жақсарту үшін төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық ғимараттарды пайдаланғанда оның экологиялылығын, жайлылығын және энерго тиімділігін арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.

Ағымдағы жылдың 10 маусымынан 1 қазанына дейін конкурсқа қатысушылардан барлығы 50 ұсыныс келіп түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаз дипломдары мен «Green office» арнайы белгілерін алатын 20  үздік мекемені таңдап алды.

Сонымен 9 номинация бойынша үздіктер анықталды:

– білім беру саласында «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Ғалым Бекқалиев), «Аққулы ауданының Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қанат Сұлтанғазин), «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ (Сәния Шарипова);

– денсаулық сақтау саласында Жамбыл облыстық қан орталығы (Гулам Омаров);

– мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында «Астана-Теплотранзит» АҚ (Василий Курисько), «АЭС Усть-Каменогорская» ЖШС (Асқар Балабатыров), «АЭС Шульбинская» ЖШС (Тілек Айдаболов);

– халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер арасында Нидерланды корольдігінің Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы елшілігі (Андре Карстенс);

– Шағын орта кәсіпкерлік арасында «Energypartner» ЖШС (Бақыт Тоқбаева), «Проектная академия «KAZGOR» ЖШС (Айдар Тәтіғұлов);

– өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында «Alina group» ЖШС (Ерлік Балфанбаев), «Филип Моррис Казахстан» ЖШС (Хуан Карлос Эскобар), «Asia Trafo» ЖШС (Омар Асанов), «Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение» АҚ (Береке Мұхаметқалиев);

– бизнес орталықтар мен сауда орталықтары арасында «Build SYSTEM» ЖШС (Галина Зкрияева), «BI Property» ЖШС (Гүлнұр Сәрсекеева);

– қызмет көрсету саласында «Oi-Qaragai Lesnaya skazka» Mountain resort (Ерлік Балфанбаев), «Restauration» ЖШС (Айтқан Қалғаев), «СААД-Отель» ЖШС (Александр Семенов);

– Үкіметтік емес ұйымдары арасында «Ожерелье зеленых практик» ҚБ (Галина Шнайдер).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here