Семинар-кеңес өткізілді

0
152

Кеше, 3 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаментінде ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен “Қылмыстық істер бойынша жекелеген процестік шешімдерді электрондық нұсқада енгізу және олардың заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша” пилоттық жобаны іске асыруға қатысты семинар-кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жобаның негізгі мақсаты – процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуы, қылмыстардың жай-күйінің шынайылығы, бұрмалау деректерінің алдын алу. Аталған пилоттық жоба аясында анықтау және тергеу функциясы жүктелген қызметтердің жауапты қызметкерлерінің процестік құжаттарды ресімдеу және Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ақпараттық есепке алу  құжаттарын енгізу барысында кемшіліктерге жол бермеуі атап көрсетілді.

Жобаны іске асыру барысында кездесетін проблемалар талқыланып, ұсыныстар енгізілді. Семинар-кеңеске қатысушыларға қосымша әдістемелік ұсыным ретінде электрондық нысанда енгізілетін процестік құжаттардың сапалы үлгілері әзірленіп, ол барлық ҚАПБ тергеушілері, анықтаушылары және тергеу функциясы жүктелген қызметкерлеріне жеткізілді.

– Бүгінгі семинар-кеңестің басты мақсаты – Жамбыл облысының прокуратурасы және облыс бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, процестік шешімдердің заңсыз қабылдануының алдын алу және электрондық жүйедегі құжаттарды дұрыс ресімдеуді үйрету, – деп атап көрсетті Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here