Бүгін, 11 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына кандидаттарды сайлау аяқталды.
Содан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады. Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны – 351 адам.
Мәжіліс депутаты кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов – 290 дауысқа ие болды. Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты Парламент Мәжілісіне өтті.
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша ҚХА-ның XXVIII сессиясы өтті.