Текелілік аналарға «Күміс алқа» табысталды

0
1868

Кеше, 25 мамырда Алматы облысындағы Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов қаладағы көпбалалы аналарды қабылдап, «Күміс алқа» табыс етті.

Халқымыздың қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қоятыны белгілі. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» демекші, ұрпақ тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болып отырған нәзік жандылар қандай құрметке болсын лайық. Осындай құрметке бөленіп, «Күміс алқа» иеленген жандардың қатарында қала тұрғындары Ибраева Лимара Тоқтарқызы, Берікболова Гүлмира Мұхамедкаримқызы, Мұстафаева Балзира Күмісбекқызы мен Кулинтаева Сабира Кенджабайқызы бар.

Қабылдау барысында үйдің де, түздің де шаруасын қатар алып жүріп, жетістікке жетіп, қаланың дамуына өзіндік үлестеріңізді қосып келе жатқан көпбалалы аналар өз қуаныштарымен бөлісіп, ризашылықтарын жеткізді.

Ақ жаулықты аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтаған қала әкімі ананың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы орны жоғары екенін атап өтіп, отбасыларына амандық, зор денсаулық, бақ-береке тіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here