ҮЕҰ өкілдері Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы әлеуметтік жобаларды талқылады

0
459

Кеше, 17 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудегі азаматтық сектордың рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, ҮЕҰ басшылары, азаматтық белсенділер және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруды талқылады.

«Шын мәнінде, мемлекеттің тәуелсіздігі мен азаматтық қоғамның дамуы – өзара тығыз байланысты әрі бір-біріне өте тәуелді ұғымдар. Өйткені, тәуелсіздікке алып келетін елдің жанкешті күресі болса, сол тәуелсіздікті қолда ұстап тұратын белсенді, патриот жандардың азаматтық үлесі»,-деді Б.Тлепов.

Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы болып табылады. Азаматтық қоғам институттарымен белсенді өзара іс-қимыл –  мемлекеттің басты назарында. Егер бұрын тек ондаған үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істесе, бүгінде азаматтық бастамалар мемлекет тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларын қамтиды.

Мәселен, елімізде 16 мың ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді, барлығы 22 мыңнан астам қоғамдық ұйым тіркелген. Азаматтық секторда шамамен 24 мың адам жұмыс істейді. Олардың 9% – жастар саясаты және балалар бастамалары саласында; 34% – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау саласында және білім беру мен ғылым, спорт пен дене шынықтыру саласында; 16% – салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау саласында; 9% – гендерлік проблемаларды шешу, қоршаған ортаны қорғау және мәдениет пен өнерді дамыту саласында жұмыс істейді.

«ҮЕҰ құрылымы да біздің азаматтарды қандай мәселелер толғандыратынын көрсетеді. Бұл тұрғыда біз үкіметтік емес секторды елдегі оң өзгерістердің катализаторы саналатын серіктес ретінде қарастырамыз. Бұл биылғы мерейтойлық жыл аясында аса маңызды»,- деп атап өтті вице-министр.

Ол ҮЕҰ өкілдері мен қоғамдық белсенділерге мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын дамытуға қосқан азаматтық үлесі үшін алғыс айтты. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here