10 ақпаннан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» сурет галереясында «Өмір – өнер» шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде университет оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылған.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында бейнелеу өнерін насихаттау, студенттерге рухани-адамгершілік білім беру және олардың мәдени дамуы, сонымен қатар, университеттің талантты оқытушылары мен түлектеріне қолдау көрсету.
Бұл көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік студенттері мен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері қатысты.