«Қыздар университетімен таныс!» жобасы: Робототехника зертханасы

0
468

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасындағы робототехника оқу зертханасы білім алушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында ашылды.

Lego, Аrduino және Raspberry роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған кешен болашақ педагогтардың робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамытуға жан-жақты мүмкіндік береді. Түрлі жиынтықтар арқылы студенттер теория мен тәжірибені ұштастырады, заманауи құралды жете меңгере түседі.

Бүгінде университеттің «Информатика», «Физика», «Математика», «Физика-Информатика», «Математика-Информатика» мамандықтарының студенттеріне «Робототехника» пәні оқытылады. Сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламасы да әзірленді.

Университеттің басты мақсаты – педагогикалық білім беруді жаңғырту, педагог кадрларды даярлауды нығайту, орта білім жүйесінің сапасын көтеру, қала және ауыл оқушылары арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығын төмендету. 

Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының «Құбылған әлем жарысы, ақылды жанның табысы» деген ұлағатты сөзі бар.  Робототехника – заман талабы, уақыт сұранысы.

Бүгінде әлемде робототехника ғылымы құлашын кеңге жайып, дамып келеді. Еліміз де бұл тұрғыда бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып, ғылыми-техникалық прогрестің осы бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алуда.  Балалар мен студенттерге арналған технопарктер желісін қалыптастыру арқылы әлемнің озық ғылымында бәсекелестікті арттыру бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде нақты шаралар қолға алынды.

Оның бір дәлелі ретінде оқу орны білім алушыларының интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында ашылған робототехника оқу зертханасын айтуға болады.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here