Алматы тұрғыны жамбылдық полицейлерге алғыс айтты

0
472

Жамбыл облысы Полиция департаментінің  атына тек  Жамбыл тұрғындарынан ғана емес, көршілес  облыстардың  тұрғындарынан да алғыс  білдірген  хаттар легі  келіп түсуде.

Осындай бір хатты Алматы қаласының тұрғыны Гүлжан Нұрбосынова жолдаған. Ол жоғалған ұлының табылуына, үйіне аман-есен  қайтуына  көмек  көрсеткен  Тұрар  Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына алғысын  білдірді.

«Менің ұлым-екінші топтағы мүгедек.  Ол жоғалған кезде  жамандыққа ұшырай ма деп  қорықтым.   Полиция қызметкерлері ұлымды  тауып, жылы жерге орналастырып,  тамақтандырып, мен алып кеткенше қамқорлық көрсеткен.  Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов осындай  адами қасиеті мен жауапкершілігі жоғары  қызметкерлерді  мақтан етуіне болады», – деді өз ризашылығын білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here