Мектеп оқушылары грант жеңіп алды

0
1497

Дулати Университетінде «Жастар – болашаққа жол бастар» интеллектуалды ойынының жеңімпаздары анықталды. «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның мақсаты мектеп бітіруші түлектер арасында құқықтық сауаттылықты арттыра отырып «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын» әр қатысушы көңіліне ұялату.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаев ойынның ашылу салтанатында түлектерге Дулати университеті бәсекеге қабілетті жастардың қанат қағап, жан-жақты мүмкіндік сыйлайтын білім ордасы екендігін айтты. Сондай-ақ, факультет деканы Ернишев Қайрат Асылбекұлы оқушыларға сайыс талаптарын түсіндірді. Университеттің 100, 50, 30% грантын жеңіп алу үшін бітіруші түлектер ҰБТ-ның 4 мүмкіндігінде 100 балдан асатын көрсеткішке ие болуы керектігін айтты. Жеңілдік 4 жыл тегін білім алуға жарамды. Дегенмен оқу барсында GPA көрсеткіші төмен болған жағдайда жеңілдік өз күшін жоятынын ескертті. Алдағы уақыттарда үздіктердің қатарынан көрініп, білім мен шығармашылықты бірге алып жүрген жағдайда, студент осы университеттің магистратура бөліміне түссе, оқытушы құрамында қалу мүмкіндігіне ие болатынын түсіндірді.

Интеллектуалды ойынға Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласы мектептерінен 187 талапкер бақ сынуға өтініш білдірген. Ойынның 2-ші кезеңіне қатысуға оза шапқан 32 талапкер жолдама алды. Екінші кезең бойынша қатысушыларға арнайы дайындалған құқықтық сауаттылық және бейінді пән бойынша барлығы 50 сұрақтық бірнеше дұрыс жауаптан құралған тест жұмыстары берілді. Көрсетілген уақыт ішінде оқушылар комиссия мүшелерінің бақылауымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып аудиторияларда тестілеу жұмыстарын тапсырды. 32 қатысушының тек 6 ғана 3-кезеңге жолдама алды.

Ойын соңында университет ректорының қолдауымен ең көп балл жинаған интеллектуалды ойын жеңімпаздары төрешілердің шешіміне сәйкес І, ІІ, ІІІ номинациялары бойынша оқу жеңілдіктерін жеңіп алды.
1-орын иегері Бексұлтан Бектұрсынов университеттің 100%, 2-орын иегері Аружан Абилдаева 50%, 3-орын иегері Абылай Есен 30% жеңілдіктеріне ие болып, алғыс хаттар және естелік  сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінгі мектеп оқушылары қатарластарынан оза шапқан жүзден жүйріктер. Алдағы уақытта өз биігінде самғар білікті де білімді студен атануларына сәттілік тілейміз!

Дулати университетінің медиа-қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here