Жамбыл облысының үздік жастары марапатталды

0
2757

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен биыл атқарылған жұмыстарды қорытындылау, жылдың үздік жастарын ынталандыру, облыс жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, түрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында таяуда Тараз қаласында «Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығының марапаттау салтанаты өтті.

2019 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, түрлі аталым бойынша үздік шыққан жастарды марапаттады.

«Әулиеата үміті-2022» облыстық жастар сыйлығының жеңімпаздары:

«Үздік жас ғалым» номинациясы – Жанұзақ Айсұлу Ораққызы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылының Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының кәсіптік бағдар беруші мұғалімі;

«Үздік жас мұғалім» номинациясы – Лаубай Тоғжан Құралбайқызы, Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы  №45 қазақ классикалық гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі;

«Үздік жас медицина маманы» номинациясы – Исабек Ахметбек Қайырбекұлы, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, емхана бөлімінің дәрігері;

«Үздік жас спортшы» номинациясы – Тұрғынбай Ғасыр Мадиярұлы, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» еркін күрес спорт түрінің спортшысы;

«Үздік жас әнші немесе музыкант» номинациясы – Жасұзақов Дулат Абдулмақсұтұлы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының» «Кәусар» вокалдық ансамблінің әртісі;

«Театр және кино саласының үздік жас актері» номинациясы – Қаражанова Нұрай Нұрланқызы, «Асқар  Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының» артисі;

«Үздік жас жазба ақын» номинациясы – Әбдір Шапағат, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «AR-AI» жастар газетінің тілшісі;

«Үздік жас айтыскер ақын» номинациясы – Донбай Рай Серікұлы, «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» атты ақындар айтысының жүлдегері, жастар арасында өткен бірқатар айтыстардың бас жүлде иегері, айтыскер ақын;

«Үздік жас баспа журналист» номинациясы – Аблай Ғалия Архатқызы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғылыми ақпараттандыру» бөлімінің ғылыми қызметкері, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы;

«Үздік жас тележурналист» номинациясы – Орынбасар Диана Ермағамбетқызы, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «JAMBYLINFO» ақпараттық сайтының тілшісі;

«Үздік жас мобилограф» номинациясы – Берік Жолшан Бақтиярұлы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығының» бейнежазу операторы;

«Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы – Абай Нариман Жетпісбайұлы, Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы;

«Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясы – Көшкінбай Айжан Арысбайқызы, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жамбыл  аудандық пробация қызметінің инспекторы, аға лейтенанты;

«Үздік жас волонтер» номинациясы – Намелбек Азамат Намелбекұлы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультетінің студенті;

«Үздік жас қоғам белсендісі» номинациясы – Нұрділлаұлы Медет, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің cтатист маманы.

Айта кетейік, «Әулиеата үміті» сыйлығына биыл 15 номинация бойынша халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың, байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, жүлдегерлері, қоғамдық өмірге белсенді араласқан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша жаңашыл бастамалар алып келген, жеке басының жетістіктері бар, өзі қызмет ететін салада немесе өтінім берген номинация түрі бойынша жетістікке жеткен 113 жастан өтінім түсті. «Әулиеата үміті» облыстық жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның шешімімен әр сала бойынша 15 жас үздік деп танылды. Барлық жеңімпаздарға «Әулиеата үміті» облыстық жастар сыйлығының иегері» атағы беріледі, диплом, статуэтка және ақшалай сыйлық табыс етiлдi. Сонымен қатар, «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болған 3 қатысушыға баспана кілті табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here