Сенатор ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілімен кездесті

0
1263

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Питер Бурианмен кездесті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әңгіме барысында Еуропалық Одақпен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Еуропалық Одақ біздің сенімді стратегиялық әріптесіміз болып табылады. Біз шын мәнінде сенімді қарым-қатынас орнаттық, оны біз жоғары бағалаймыз», – деді сенатор.

Қазақстан мен ЕО-ның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзара іс-қимылы мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірінше, парламентшілер арасындағы байланыстарды үдету саяси диалогтың маңызды бөлігіне айналуы ықтимал. Ол Қазақстан Парламенті «Қазақстан-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында Еуропалық Парламентпен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here