Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

0
120

Сенаторлар Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде Палатаның өткен сессиядағы жұмысының қорытындысы туралы айтып берді. Кездесуге мәслихат депутаттары, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ Түркістан және Кентау қалаларының журналистері қатысты.

Сенаторлар кездесу барысында өткен сессия барысында еліміздің дамуы үшін аса маңызды заңдар қабылданғанын және бірқатар заңдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті.

Мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекешелендіру, оларды жалға беру, жайылымдар мен шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты мәселелерді көтерді. Сенаторлар бұл мәселелерді одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс істеуге ниеттеніп отырғанын атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here