Әлемді бағындырған Алакөлдің чемпиондары

0
1532

Күні кеше Украинаның Киев қаласында өткен «Combat Ju – Jutsu World Championship Kyiv – 2021» Әлем чемпионатында Алакөлдік өрендер Әлем чемпионы атанды. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов Әлем чемпионатында топ жарып, жеңіске жеткен Айбол Жарболұлы, Ілияс Құмарұлы, Елдос Жандосұлы және жаттықтырушылары Арнұр Нұрланұлын құттықтап, жеке қабылдады.

Бірнеше алпауыт мемлекеттердің басын қосқан дүбірлі додада аудан спортшылары еліміздің көк байрағын биікте желбіретіп, үздіктер қатарынан көріне білді. Бұл жеңіс тек Алакөлдің ғана емес, күллі республиканың жетістігі.

Жетісудің жеті кереметінің бірі Алакөлдей ырыс – құты дарыған өлкенің керемет саф ауасымен тыныстап жүрген жас чемпиондарымызға аудан әкімінің орынбасары ізгі лебізін білдіріп, арнайы сый – сияпаттарын табыс етті.

«Жас болса да елдің өр намысын арқалап жүрген спортшыларымызға алдағы уақытта Олимпияда биігін бағындырып, ауданымыздың даңқын әлемге паш етіп, қайратты спортшылары атануларына шын жүректен тілектеспін.»,-деді аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов.

Айбынды өлкеміздің айбарлы спортшыларының алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын!

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы К.Арстан

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here