Halyk Bank қарызды кешіреді

0
1891

Жүз жылға жуық тарихы бар Halyk Bank Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, қаза тапқан банк клиенттерінің банктен алған қарыздарын кешіреді. Бұл туралы Halyk Bank-тің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Түркітілдес журналистер қоры хабарлады.

«Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы  оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жарылыс кезіндп ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны да айтылған: «Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдадыСіздердің қайғыларыңызға ортақпыз».

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here