ҚАЗҰУ – ЖЫЛ УНИВЕРСИТЕТІ

0
1646

Канаданың Халықаралық жетістіктерді зерттеу комитеті мен Шығыс Еуропа және Азия аймақтық орталығы (International Achievements Research Center) өткізген «Жыл университеті – 2021» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеңімпаз деп танылды. Байқау директоры доктор Майкл Финнен жолдаған хатқа сәйкес, ҚазҰУ білім мен ғылымдағы үздік жетістіктері үшін «Басқару және көшбасшылық» аталымы бойынша халықаралық сертификатқа ие болды.

Жеңімпаздар БАҚ пен интернет-дереккөздерін зерттеу және тұрақты мониторинг, контент-талдау жасау негізінде сарапталады. Сондай-ақ университеттердегі, ғылыми және білім беру орталықтарындағы әріптестердің, тәуелсіз ғалымдардың, зерттеушілердің, оқытушылардың ұсыныстары ескеріледі.

Халықаралық конкурс жоғары оқу орындарының жетістіктерін әлемдік қоғамдастыққа көрсету мен насихаттауға мүмкіндік береді.

ҚазҰУ алғаш рет бақ сынап, жоғары академиялық бәсекеге қабілеттілік, университеттің тартымдылығы, жаһандық білім беру кеңістігіндегі стратегиялық серіктестікті нығайту талаптары бойынша жарқын нәтиже көрсетті.

Байқау қорытындысымен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады https://achievementscenter.com/Al-Farabi-Kazakh-National-University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here