Бақытқали Ережепов: «Дерттің емі – екпеде»

0
1380

Түркістан облысының «Ońtústik» телеарнасындағы «Қала уақыты» бағдарламасында қонақта болған Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақытқали Ережепов «қызыл» аймақта тұрған елдің үшінші мегаполисіндегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

Бас дәрігердің мәліметінше, екі-үш апта бұрынғы күрделі жағдаймен салыстырғанда бүгінгі ахуал бір қалыпта тұр. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Оның үстіне коронавирустың жаңа штамына байланысты былтырғы жылмен салыстырғанда денсаулығы күрт нашарлаған науқастардың саны артқан.

«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 490 орынға арналған, соның 290-ы бұрынғы ғимараттағы стационарға, 200-і жаңа модульдік стационарға тиесілі. Бүгінде сонда 400-дей науқас ем қабылдап жатса, соның ішінде 120-дай науқас жан сақтау бөлімінде жатыр», – деді Бақытқали Ережепов.

Бас дәрігердің айтуынша, 100-ге жуық науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Олардың көбі үйлерінде өздігінен ем қабылдап, дәрігерлердің көмегіне кеш жүгінген. Сөйтіп, денсаулық жағдайларын күрделендіріп алған.

«Коронавирус жұқтырғандар санының артуына бірнеше себеп бар. Біріншісі, карантиндік шаралардың сақталмауы. Екіншісі, екпеге қарсылар санының көп болуы. Сондықтан коронавирустың емі екпеде екенін ұмыптау керек», – деп түсіндірді Бақытқали Ережепов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here