Қарқаралыда Әлихан Бөкейхан бейнеленген мурал салынды

0
1192

Қарқаралы қаласында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бейнеленген мурал салынды. Бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы аясында жүзеге асып отыр.

Алаш қайраткерінің бейнесі қаладағы көпқабатты үйлердің біріне көркем мурал түрінде салынды. Жұмыс екі жұмаға созылған. Сонымен қатар сол көпқабатты үйдің айналасына жөндеу, абаттандыру, ауласы мен кіреберісті жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, мурал Тоқтар Әубәкіров көшесі 60 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған. Оның авторы – кәсіби суретші Сәкен Даулетбаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here