Баянауылға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Атамекен» экспедициясы келді

0
1479

Республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырған «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Павлодар облысының Баянауыл ауданында 13-14 қыркүйек күндері жалғасын тапты.

Комиссия құрамында облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы Ораз Дияс, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бықай Фарида, республикалық «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Бескорсая Екатерина, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі Зинченко Наталья, «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанғазы Еркеғали, облыстық «Ирбис» телеарнасының тілшісі Мұқашева Бибінұр, «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің фото-тілшісі Шелков Константин және бейнеоператорлар Өтегенов Мейрам мен Қонақбаев Серік болды.

Топ мүшелері экспедицияны Ескелдідегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесінен бастады. Келесі бағыт этнограф, фольклортанушы, ағартушы Мұса Шорманұлы ауылындағы М.Шормановтың кесенесі болды. Әрі қарай топ Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі, Торайғыр ауылындағы Әулие бұлаққа, Сақ қорғандары, Қоңыр әулие үңгірінде және «Баянтау» газетінің редакциясында қонақта болды.

Сапар соңында экспедиция челленджі Шығыс Қазақстан облысына жолданды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here