Балқашта Ы. Алтынсариннің шығармашылығына арналған тақырыптық аялдама пайда болды

0
1471

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа – отыз аялдама» акциясы жалғасуда. Осыған орай Балқашта тағы бір аялдама безендірілді. Автобус аялдамасынан қала тұрғындары бар саналы ғұмырын ағартушылыққа арнаған аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, балалар әдебиетінің атасы, қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған сәулелі тұлға Ыбырай Алтынсариннің жарқын өмірі мен шығармаларымен таныса алады.

Ағартушының даналыққа толы шығармалары өскелең ұрпақты қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылыққа, әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, тазалыққа, ізеттілік пен бауырмалдыққа тәрбиелейді.

Кезекті аялдаманың сыртқы келбетін өзгертуде демеушілік көрсеткен Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасы Балқаш қаласы филиалы. Жақын арада қалада тағы да бірқатар аялдамалары тақырыптық безендірілетін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here