«Дарында» егемендіктің 30 жылдығына орай ашық сабақ өтті

0
1833

Таразда дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.

Ашық сынып сағаттарының мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын, тәуелсіздік жолында жеткен жетістіктерін жас ұрпаққа жеткізу. Ашық сынып сағатына тек оқушы мен ұстаздар ғана қатысып қоймай, өңіріміздің дамуына үлес қосқан ел азаматтары арасынан қонақ та шақырылған.

«Биыл егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Бірақ арада қаншама жыл өтсе де біз тарихымыздағы ұлт қайраткерлері мен батырларымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек. Бүгін мені дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты арнайы қонақ ретінде шақырып, оқушылармен кездесу өткізіп жатыр. Жас ұрпақпен жүздесу, оларға еліміздің тарихы жайлы дәріс оқу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұндай тәрбие сағаттары барысында оқушылар өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көзқараспен ой жүгіртеді, рухани мол азық алады. Жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятып, елге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ашық тәрбие сағаты барысында ерекше қызығушылық танытқан оқушылар, көкейде жүрген сан алуан сұрақтарын да қойып жатты» — деді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Тобаджанов Рахат Тобаджанович.

Айта кету керек, тәрбие сағаттары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, кездесуге келген Тобаджанов Рахат Тобаджановичке сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас жүргізді. Салтанатты іс-шараның алғы сөзі «Дарын» мектеп-интернатының директоры Назира Дүйсембекқызына берілді. Ұстаздар қауымының ішінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсембаев Базарбай Рысбайұлы, тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз Бегілдаева Мираш Саданқызы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шараға өз бағасын берді. 8-10-сынып оқушылары тәуелсіздік жетістіктері жайында өз баяндамаларын оқыды.

Сынып сағатының барысында тақырыпқа сай мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы тарихи рөлі туралы тың ақпараттар берілді, еліміздің Астаналарына саяхат жасалып, тарихынан сыр шертілді. Ашық сынып сағатының қорытындысы бойынша дарынды оқушылар өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көз қараспен ой жүгіртті, тәуелсіздік туралы ән-жыр айтып, рухани мол азық алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here