Тұңғыш университет бағындырған кезекті белес

0
1438

Бүгін, 23 қыркүйекте QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық талдау агенттігі әлем университеттері түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша QS Graduate Employability Rankings-2022 рейтингіcінің жыл сайынғы есебін жариялады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті осы рейтингке алғаш рет қатысып, әлемнің 550 университетінің арасында 501+ орынға ие болды. Ал, аталған рейтингке қатысқан университеттер саны 679-ды құрады.

Рейтингке 8 қазақстандық ЖОО қатысқанына қарамастан, тек үш университет қана (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) «QS Graduate Employability Rankings» қорытынды кестесіне енген.

Рейтингті бағалау кезінде жұмыс берушілер арасындағы қорытынды нәтиженің 30%, түлектердің табыстылығына – 25%, жұмыс берушілермен серіктестікке – 25%, жұмыс берушілердің кампуста болуына – 10% , жұмысқа орналасуға – 10% жауап беретін әдістеме пайдаланылды. Ал, Абай атындағы ҚазҰПУ «Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі» бойынша әлемде 38-ші орынды иеленіп, жоғарыда аталған екі қазақстандық университетті басып озды. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш университет бітіргеннен кейін 12 ай ішінде толық немесе толық емес жұмыспен қамтылған түлектердің пайызын өлшейді.

Университет «Жұмыс берушілер мен студенттердің өзара іс-қимылы», «Жұмыс берушілермен серіктестік» көрсеткіштері бойынша 201+ орынды, ал «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Түлектердің табыстылығы» көрсеткіштері бойынша әлемде 301+ орынды алады.

Абай университетінің бұл рейтингтегі орнықтылығы оның мектептермен жоғары деңгейдегі тығыз байланысының барлығы мен «Мансап» орталығының түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жолға қойғандығының арқасында мүмкін болғанын атап өткен жөн. Осылайша, еліміздегі тұңғыш университет ТМД елдерінің арасында педагогикалық білімнің көшбасшысы болуға тағы бір қадам жақындады.

Айта кетейік, Abai University – түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша осындай маңызды рейтингке енген жалғыз педагогикалық жоғары оқу орны.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here