Мектеп түлектері Әлихан Бөкейхан мүсінін орнатты

0
1144

Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылында 1990 жылы мектеп бітірген түлектер Әлихан Бөкейханның кеуде мүсінін орнатып, Ұлт көсемінің 155 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырды.

Ескерткіш-бюсті Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Бейбіт Мұстафин жасаған. Оны жасату мен іс-шараның өту қаражатын мектеп түлектері өздері көтеріп алған. 

«Сыныбымызда іскер азаматтар бар. Олар ұлы жерлесіміз Әлихан Бөкейханға лайықты құрмет көрсету туралы көптен бері ойлап жүрген болатын. Пандемияға байланысты істің реті енді келді. Іс-шара барысында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырдық және соңындағы шешім бойынша, жыл сайын Әлихан оқуларын өткізетін болдық. Конференциядағы баяндамаларды «Әлихан – Алаш Ақсораңы» атты жинаққа жинақтадық және Әлихан қорын құрдық», – деді мектеп түлектерінің бірі Жәния Қапашева.

Іс-шараға Тұрсын Жұртбай, Жандос Смағұлов, Қайырбек Кемеңгер, Қайырбек Сәдуақасов, Сағымбай Жұмағұлов сынды алаштанушылар, мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мен облыс, аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here