Ұстаздар ұстаханасы Білім берудегі инновациялар конкурсының серіктесі атанды

0
1044

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті алғаш рет Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебі білім беру институты (ЖЭМ) жыл сайын өткізетін білім берудегі инновациялар конкурсына (КИвО) серіктес болды. Бұл серіктестік «Білім беру инновацияларын іріктеу, бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. (Жетекшілері: Королева Диана, Абаева Ғалия).

Беделді конкурсқа білім саласына қызығушылық танытатындардың барлығы қатыса алды. Университет серіктесі – Жоғары экономика мектебі білім беру институты (Мәскеу) финалистерге іріктеу жүргізді. Ол оңай емес! Енді 2021 жылы 28 қазанда финалға Мәскеуге баратын командалардың тізімі жарияланды.

Биылғы жылы КИвО-Қазақстан конкурсының тармағы өз жемісін берді. Финалистер арасында Қазақстаннан (Нұр-Сұлтан) екі команда бар.

Төменде келтірілген жобалардың тізімі көбінесе білім беруді цифрландыруға байланысты екендігі байқалады. Бірақ, цифрландыру арқылы конкурсқа қатысатын командалар білім беру процесіне қатысушыларды қолдаудың түрлі мәселелерін шешуді ұсынады. Қазақстандық командалар да одан тыс емес. Финалға шыққан жобалар:

  1. Ғалымдарға арналған Краудфандинг (Санкт-Петербург) – ғылыми жобаларды бірлесіп қаржыландыруға арналған әдістемелік платформа;
  2. UAVProf (Калининград) – https://uavprof.com ұшқышсыз авиацияның онлайн мектебі;
  3. Мектеп Криптовалютасы (Мәскеу) – https://schoolspace.ru Оқушыларды білімге, спортқа және шығармашылыққа ынталандырудың экожүйесі;
  4. WM Products (Мәскеу) – https://wm-24.website көру ерекшеліктері бар адамдарға арналған веб-ресурстарды бейімдеу қызметі;
  5. Интерактивті дене шынықтыру кешені (Челябинск) – https://playstand.ru гибридті форматтағы сауықтыру ойындарының жабдығы, софт және әдістемесі;
  6. «Химичим дома вместе» флешмобы (Курск);
  7. UNITO (Новосибирск) – мектепте буллингті алдын алуға арналған үстел ойыны;
  8. IZIDZ (Севастополь, https://izidz.com) – мектеп үй тапсырмаларымен көмек көрсету сервисі;
  9. Виртуалды педагогикалық агент (Мәскеу) – «Виртуалды класс» технологиясының тиімділігін арттыру үшін чат-бот;
  10. Smart Grades (Нұр-Сұлтан) – балалар мен ата-аналарға арналған үлгерімді бақылау бойынша мобильді қосымша;
  11. QPSY (Нұр-Сұлтан) – психологияны цифрландыру – оқушыларға психологиялық көмек көрсету платформасы.

Финалистер жазғы мектеп кезеңінен онлайн өтті. Енді олардың алдында жаңа міндет тұр – өз идеяларын қалай жүзеге асыру керектігін көрсету. Бұл бағытта оларға Жоғары экономика мектебі білім беру институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты ғалымдары көмек көрсетуі тиіс. (Қазақстаннан өтінімдер үшін). Эксперименттің дизайнын жасау, алаңды ұйымдастыру бірлескен жобаның міндеті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан жоба мүшелері – Педагогика және психология институтының оқытушылары конкурсқа белсенді қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткіміз келеді. Финалға шыққан конкурстық өтінімнің бірін ғылыми сүйемелдеуге Ахметова Айгүл, Қазақстанның алдыңғы кезеңдердегі өтінімдерін сараптауға Ақпаева Әсел, Қазақстанның инновациялар базасын талдауға Төлешева Ұлмекен қатысты. Олар қазақстандықтар ұсынған инновациялардың деректер базасына талдау жасап қана қоймай, финалистермен бірге апробация және енгізу жолын да орындауы керек. Жоба тобы алдына тағы бір міндет қойып отыр – Педагогика және психология институтында өткізілетін докторлық ізденістердегі инновацияларды талдау.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here