Қазақстан мен таяу шетел театрлары Көкшетауда бас қосты

0
1002

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Көкшетауда «ТеART-Көкше» үшінші Халықаралық театр білім беру зертханасы өтуде.

«ТеART-Көкше» үшінші Халықаралық фестивалінің негізгі бөлігі 4-8 қазан аралығында өтеді, оның аясында Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 12 шығармашылық ұжым түрлі жанрдағы қызықты қойылымдарын көрсетеді.

Фестиваль Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық орыс драма театры ГИТИС Ресей театр өнері институтымен бірлесіп ұйымдастырды.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан атап өткендей, театр спектакльдері облыс орталығының бірнеше алаңында өтеді. Қойылымдарды әлемге әйгілі театртанушылар мен сыншылар бағалайды.

Жақында фестиваль қарсаңында театр білім зертханасының ашылуы өтті.

Оның жұмысына Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және басқа да қалалардың театр ұжымдары қатысуда.

«Театр зертханасы әсем табиғатымен тамаша Зеренді ауданында өтуде. Шығармашылық шаралар барысында қатысушылар үшін қазақстандық және ресейлік жетекші театр қайраткерлері мен педагогтардың қатысуымен актерлік шеберлік, қуыршақ театры өнері, практикалық режиссура, театр менеджменті бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі», – деп атап өтті ведомстводан.

Халықаралық фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі аталымдар бойынша марапатталады. Көрермендердің қауіпсіздігі үшін барлық іс-шаралар Ashyq жобасы аясында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here