Атырауда көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті

0
1153

Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Гимні авторларының бірі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің «Тәуелсіз Еліме – 30 жыл!» атты республикалық байқауы өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, көрнекті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын халық, әсіресе жастар арасында насихаттау, оның шығармашылығы арқылы адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Байқауға Қазақстанның 8 облысы: Атырау, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарынан 8 сайыскер қатысты.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар ақынның поэзиялық шығармаларын оқыса, екінші кезеңде прозалық шығармаларынан үзінді оқыды.
Байқаудың қазылар алқасына жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мереке Құлкенов төрағалық етті.

Байқау қорытындысында бас жүлдені оралдық Абылайхан Қуанышев жеңіп алды. Жүлделі І орынды Павлодар облысынан Расул Темеш иеленді. Атыраудан қатысқан үміткер Бұлан Нұрғалиевке жүлделі ІІ орын бұйырды. Жамбыл облысының үмітін үкілеп келген Бахтияр Бекназаров пен Алматы облысының қатысушысы Меруерт Аңсатқа ІІІ орын берілді.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Атырау облысы әкімінің атынан дипломдар, басқа қатысушыларға алғыс хаттар, ақшалай және арнайы сыйлықтар табысталды.

Шара қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізілуде. Биылғы республикалық байқау Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here