CҚО жастары «Отан» бейнебаянын түсірді (видео)

0
1434

Солтүстік Қазақстан облысында «Täuelsіzdіk music vibe» by Qyzyljar шығармашылық жобасы іске қосылды. Жоба аясында Ақан сері атындағы облыстық филармония солистері мен өңірдің белсенді жастарының қатысуымен «Отан» авторлық бейнебаяны түсірілді.

«Täuelsіzdіk music vibe» by Qyzyljar жобасының тұсаукесері жақында Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада өтті.

«2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің отызыншы жылына қадам басты. Осыған орай СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы, талантты жастар мен өңірден шыққан танымал тұлғалардың қатысуымен осы жобаны қолға алды», – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Жоба үшін «Отан» атты авторлық бейнеклип түсірілді. Оның әуенін Н.Ситников, Е.Ислямов, ал сөздерін – Е. Ислямов, Д. Маекенов жазды.

Сондай-ақ, жоба аясында белсенділер өздері туралы ғана емес, кумирлері туралы да бейнероликтер түсіреді. Осылайша, тоғыз бейнероликтің түсіріліміне Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан танымал тұлғалар Байғали Серкебаев, Самал Еслямова, Жоламан Тұрсынбаев пен олардың шығармашылық жолын жалғастырып келе жатқан жастар және т.б. қатысты.

«Бұл жоба – солтүстік өңірдің өнері мен мәдениетінің барлық қырларын көрсететін аға және жас буынның симбиозы. Жастар белгілі қазақстандық әртістердің жетістікке жету жолын көре отырып, биік белестерді бағындыруға болатынын, ол үшін аянбай еңбек етіп, көп күш жұмсау керектігін көретін болады», – деп атап өтті жобаны ұйымдастырушылар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here