Ақтөбеде Т. Айбергенов пен Ш. Қалдаяқовқа ескерткіш қойылды

0
2731

Ақтөбеде ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі О.Оразалин, Шәмші Қалдаяқовтың апасы – Райхан Домбаева, ақын Төлеген Айбергеновтің қызы – Махаббат Айбергенова, «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты екі күндік республикалық әдеби форумның қатысушылары және т.б. келді.

«Қадірлі ел ағалары, бауырлар! Біз бүгінгі күні «Алтын бесік – Ақтөбенің» төрінде орын алған тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Күні кешегіміз бүгін тарихққа айналса, бүгінгіміз ертеңгі тарих болмақ. Қазақ даласы дарынды тұлғалалардан кенде емес. Қай-қайсысының да тарих төрінен ойып алар өзіндік орны бар. Бөліп –жаратын ештеме жоқ. Дегенмен сол таланттар шоғырының ішінде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовтың орындары ерекше»,- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Ескерткіштер қала орталығында – ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы Ғашықтар аллеясында орналасқан. Төлеген Айбергенов ескерткішінің биіктігі – 3,2 метр. Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші композитордың қолына музыкалық аспапты алған күйі отырғышта отырғанын бейнелеген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here