Петропавлда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» жастар форумы өтті

0
1150

Кеше, 20 қазанда С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты жастар форумы өтті. Оған жастар ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысының көшбасшылары, белсенді жастар қатысты.

Форум қатысушыларына Ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов құттықтау сөз сөйледі.

«Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Әрқайсыңыздың жеңістеріңіз, қол жеткізген табыстарыңыз Тәуелсіз Қазақстан мен біздің Солтүстік Қазақстан облысының жетістігі болып табылатынын біліңіздер», – деп атап өтті ол өз сөзінде.

TED Talks форматында балалар қызықты тұлғалармен танысып, оларға өз сұрақтарын қоя алды. Олардың ішінде болған М.Жұмабаев ауданының волонтерлік қызметіне белсенді қатысатын аудандық полиция капитаны Дәурен Төлеу Полудин балалар үйіне көмек ретінде «Бақытты көздер» қайырымдылық қорын құру жөніндегі бастамашылардың бірі, «Серпін», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының, «Үлгілі жас отбасы-2021» конкурстарының, «Үздік педагог-2020» республикалық конкурсының қатысушысы, туған өлкені және туған ел мәдениетін дәріптейтін, 125 мың жазылушысы бар Жамбыл ауданының тұрғыны Айгүл Ботай, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің үздік студенті, «Жасыл ел» белсендісі, түрлі бағыттағы волонтер Кристина Масленникова, «Қамқор СҚУ» жобасының жетекшісі Әйтімова Айгүл, «Аманжол» Ш/Қ директоры – Әсем Мақжанова.

«Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасына облыс бойынша 2500 ұйым қосылды. 200-ден астам іс-шара іске асырылды, 8 мыңнан астам адам қатысты. «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының 7 бағыты бойынша конкурстық іріктеуде 21 жеңімпаз анықталды.

«Birgemiz: Bilim» үздік волонтер» номинациясында Мағжан Жұмабаев ауданынан Мұрат Ортамышев, Герасимов Павел және Петропавл қаласынан Юлия Штрак жеңімпаз атанды.

«Birgemiz: Umit» үздік волонтер» номинациясында: Максим Луценко, Петропавл қаласы, Дәурен Төлеу, М. Жұмабаев ауданы, Анастасия Мамро, Тайынша ауданы.
«Birgemiz: Qamqor» үздік волонтер» номинациясында Сергей Владимиренко, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Бексұлтан Жаслан, Шал ақын ауданы, Саят Ноянов, Петропавл қаласы.

«Birgemiz: Taza alem» үздік волонтер» номинациясында: Айгүл Жүсіпқызы, Аққайың ауданы, Камила Ысқақова, Петропавл қаласы, Владимир Глущенко, Мағжан Жұмабаев ауданы.

«Birgemiz: Saýlyq» үздік волонтер» номинациясында Альбина Оразбаева, Петропавл қаласы, Әсем Шайкамалова, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Арина Константинова, Петропавл қаласы.

«Birgemiz: Asyl mura» үздік волонтер» номинациясында Дария Сәрсенбаева, Ақжар ауданы, Асыл Ахметова, Жамбыл ауданы, Дильназ Бекпадова, Петропавл қаласы.
«Birgemiz: Sabaqtastyq» үздік волонтер номинациясында: Кристина Масленникова, Құндыз Мәлгаждарова және Ажар Сыздықова Петропавл қаласынан.

Белсенді меценаттық қызметі үшін Алғыс хатпен «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС өкілі Бегалы Рахымбаев, «Қамқор СҚУ» жобасының жетекшісі Айгүл Әйтімова, М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушысы, Мақжанова Әсем, «Аманжол» Ш/Қ директоры, Жамбыл ауданы, Құрмантаева Күмісжан, Уәлиханов ауданынан келген жеке кәсіпкер марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here