Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады

0
1247

Бүгін, 22 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алатынын айтты.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Дүйсенбіден бері норма күшіне енді. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені нақты жазылған. Міндетті вакцина алмағандар ПТР тестіден өтуі керек», – деп түсіндірді еңбек инспекторы.

Төлеген Қапақұлының айтуынша, Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. COVID-19-бен ауырған адамды жұмысқа жібермеу керектігі туралы тікелей норма болмағанымен, Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни, Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті, жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ, екіжақты келісім болса, айлықтың 50 пайызын немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін төлей алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here