Қазығұртта Алаш арыстары мен Қажымұқанға ескерткіштер орнатылды

0
1436

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» кешенінде «Алаш арыстары» ескерткішінің лентасы қиылды. Ескерткіште ұлт үшін өмірін күреске айналдырған көшбасшыларымыз бен қайраткерлеріміз бейнеленген. Бұл бастама Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен қаламгерлер қатысты. Атап айтсақ, Мәмбет Қойгелді, Қуаныш Айтаханов, Сауытбек Әбдірахманов, Нармахан Бегалыұлы және өзге де тұлғалар сөз сөйлеп, рухани маңызды бастаманы жоғары бағалады. Меценат Бекет Тұрғараев пен жергілікті әкімдіктің үйлесімді ісіне ризашылықтарын білдірді. Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен танымал азаматтар да жүрекжарды лебіздерін ортаға салып, Алаш қайраткерлері Мәңгілік Елмен бірге мәңгі жасайтынын айтты.

Сонымен қатар, сол күні «Анаға тағзым» және Қажымұқан балуанға арналған ескерткіштердің де ашылу салтанаты өтті. Даңқты балуанның 150 жылдығына арналған ескерткішке және ананың мейірімі суреттелген өнер туындысына қонақтар оң бағасын берді. Бұл игі бастамаға да белгілі меценат Бекет Тұрғараев қолдау көрсетті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here