«Тәуелсіздік кубогы» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

0
735

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қарағанды пікірсайысшылар бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік кубогі» республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.

Турнир Қарағанды облысының жастары орасында пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жобасы аясында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қабырғасында ЛД (Линкольн Дуглас) және БПФ (Британдық-парламенттік) форматында өтті. Турнирдің жүлде қоры 600 000 теңгені құрады.

Жүлделі орындар үшін Қазақстанның 4 өңірінен (Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар және Қарағанды облыстары) 32 пікірсайысшылар командасы күресті.

I орын – Қуанбай Еркебұлан және Каналин Фархат (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Парасат» дебат клубының өкілдері, Нұр-Сұлтан қ.); II орын – Әріпбай Еркебұлан (Халықаралық IT университеті, Алматы қ.) және Советбек Мағжан (Назарбаев университеті, Нұр-сұлтан қ.); III орын – Нұртас Күздеубаев (М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ дебат клубының өкілі) және Жолдасбек Лаура (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Оратор» дебат клубының өкілі).

Жүлделі орындармен қатар турнирдің үздік спикері мен төрешісі үшін жеке марапаттар да анықталды: «Үздік төреші» номинациясы – Набихан Бота Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дебат клубының өкілі; «Үздік спикер» номинациясы – Саяқов Самат «NOMAD» дебат клубының өкілі (Назарбаев университеті, Нұр-Сұлтан қ.).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here