Ұлттық бірлікті насихаттайтын челлендж бастау алды

0
1472

Алматы облысында ұлттық бірлік пен қазақстандық патриотизмді дәріптеуге арналған «Алғысымыз шексіз» челленджі бастау алды. Бұл шара Алғыс айту күнін мерекелеуді жаңаша бағытта атап өту мақсатында қолға алынды.

Челлендждің басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты патриотизм мен адамгершілік қасиеттерге баулу.

Іс-шара 20 ақпаннан #алғысымызшексіз, #algysymyzsheksiz, #арамыздағыбатырлар #күшімізбірлікте #almatyregion хэштегтерімен әлеуметтік желілерде іске қосылады. Челлендж 3 наурызға дейін жалғасады.

Оның аясында өңірдегі спорт, мәдениет, өнер салаларындағы белгілі тұлғалар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер мен меценаттар, БАҚ өкілдері мен өзге де ынталы азаматтар түрлі салаларда адал қызмет етіп, елдің дамуына үлес қосып жүрген жандарға ризашылықтарын білдіреді.

Бұдан бөлек, челлендж  шеңберінде түрлі оқыс оқиғалар мен жағдаяттар кезінде белсенділік танытқандарға да алғыс жолдауға болады.

Айта кетейік, Алғыс айту мерекесін жалпыхалықтық деңгейде атап өту үшін Алматы облысында «Рақмет саған, Qazaqstan» атты кешенді медиа жоспар әзірленді. Кешенді жоспар 3 бағыттан, 100-ге жуық іс-шарадан тұрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here