Боранқұл ауылында ойын алаңдары мен көше тренажерлері салынды

0
537

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылында тұрғындарға тарту жасалып, 6 жоба іске асты. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Боранқұл ауылының белсенділері «Қоғамдық кеңістіктер» бағдарламасына қатысып, елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 12 жобаға өтінім берген. Оның 7-уі мақұлданып, грант бөлінген. Қазір 6 жоба пайдалануға берілді.

«Ауыл тұрғындарының қажеттілігін ескере отырып әрі ауылымызды көркейту мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Айтап айтсақ, «Көркейе бер, мектебім» атты алаң мен жаяу жүргіншілер жолы, «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» спорт және балалар ойын алаңы, «Баланың ойыны – баланың болашағы» балалар ойын алаңы, «Жастар аллеясы» көгалдандыру жұмыстары, «Балауса балғын балалық шақ» балалар ойын алаңы, «Street workout» көше тренажер алаңы салынды. Ал «Жеңіске деген ынта» футбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстар «Теңізшевройл» ЖШС мен Орталық Азияның Еуразия Қорының демеушілігімен жүргізілді», – деді жоба үйлестірушісі Айтбай Сиықұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here