Жаңа бұйрық: Енді Сингапур екпе алмағандарды тегін емдемейді

0
327

Сингапур COVID-19-ға қарсы екпе науқанын жеделдетуге бағытталған жаңа ережені бекітті.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша, екпеден бас тартқан сингапурлықтар коронавируспен ауырса, емделуге өз бетінше ақы төлейді. Яғни, бұрынғындай мемлекет есебінен емделе алмайды. Ал, бұл елде коронавируспен емделудің толық курсына орташа есеппен 25 мың Сингапур доллары кетеді. Бұл біздің курспен шамамен 8 млн теңгені құрайды.

Айта кетейік, 5,5 млн халқы бар қала-мемлекетте тұрғындардың 82,7%-ы екпенің толық дозасын алған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here