Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің рухына тағзым етілді

0
946

Мерейтойлық іс-шаралар «Даңқ» аллеясындағы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Гүл шоқтарын қоюға көкшетаулықтармен бірге М.Ғабдуллиннің шәкірті С.Негимов пен Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл қатысты.

Одан әрі іс-шаралар Ш.Құсайынов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты халықаралық конференциямен өз жұмысын жалғастырды.

Конференцияда жергілікті ғалымдар мен Түрік еліндегі Малатья қаласынан Әсия Қолпенова, М.Ғабдуллиннің шәкірттері С.Негимов пен Б.Әлімжанов ұстаз туралы естеліктерімен бөлісті.

Айта кету керек, еліміздің құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орнына атақты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімі еліміздің Тәуелсіздігі қарсаңында берілді.

Бұрынғы институттың, қазіргі Академияның тарихы 1997 жылдан бастау алады. Бүгінгі таңда ЖОО азаматтық қорғау саласында 5 мыңға жуық маман даярлады. Қазіргі уақытта мұнда 600-ге жуық курсант оқиды. Институтқа Мәлік Ғабдуллиннің есімін беру-ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында көптен күткен оқиға.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here