Гүлмира Қанай: «Қыз баласының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны зор»

0
1598

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Халқымыздың осынау ұлағатты сөзі еліміздегі әйелдердің әлеуетін толық танытуына жол ашып, олардың құқығын қорғауға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән беріп келеді.

Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай «Анаға тағзым» республикалық аналар форумында айтты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде ұйымдастырылды. Оған еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген әйелдер, танымал нәзік жандылар, көп балалы аналар қатысты.

Форумының ашылуында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Аймақ басшысы жуырда ғана Тараз қаласында бой көтерген «Анаға тағзым» орталығы қазақ халқының салт-дәстүрін ескере отыра әйелдің отбасындағы рөлін күшейтуге, болашақ аналарды тәрбиелеуге бағытталатынын жеткізді.

– Бүгінгі «Анаға тағзым» форумы сұлулық пен ізгіліктің бейнесі саналып, сондай-ақ, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болар Қазақтың анасы деген атқа лайық, XXI ғасыр әйелінің қалыптасуына өз үлесін тигізеді деп ойлаймын, – деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң сөз  алған  Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Нәзипа Шанаи да өз ойын ортаға салды.

Ал қоғам қайраткері, мелекетттік тілдің жанашыры Асылы Осман ұрпақ тәрбиесі тақырыбында сөз қозғады.

Бұдан соң, ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Ақұштап Бақтыгереева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай, белгілі этнодизайнер, «Алтын орда» дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және тағы басқалар сөз алып, ой-ұсыныстарын білдірді.

Басқосуда Университет басшысы Қазақстандағы гендерлік саясатты тиімді жүргізу және қыз-келіншектердің рөлі мен ықпалын одан әрмен арттыру орайында  бірнеше нақты ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтылған барлық ұсыныстар назарға алынатынын айтты.

«Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали форумның қорытынды Үндеуін оқыды. Форум жұмысы төрт секция бойынша жалғасып, соңы «Сіңліге сыр» атты поэзия кешіне ұласты.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here