«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты эссе жазудан сайыс өткізілді

0
1417

Қосшы қаласының №2 орта мектебінің 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты эссе жазу сайысы өтті.

Ұйымдастырушылардың айтып кеткеніндей «Сайыстың мақсаты – оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін ұялатып, отанға деген адалдықты қалыптастыру. Алаштың аяулы ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп айтқандай, еліміздің тәуелсіздігін нығайтатын, жарқын болашаққа бастайтын өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды. Оқушыларымыздың еліміздің көркеюіне, одан әрі дамуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз».

Сайыс қорытындысы бойынша, 11 А сынып оқушысы Ғылымбеков Іңкәрдің жазған жұмысы эссе жазудың талаптарына сай және тақырыпты толығымен ашып ең үздік деп танылды. Одан бөлек 4 оқушы: Жексенбаева Анель, Тілеген Шырын, Бәкен Ботагөз және Жұмабекова Сабина 2 ші және 3ші орындарды иеленді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here