Қарағанды облысында «Қайырымды істер марафоны» жалғасуда

0
754

«Таңшолпан» балалар үйінің және даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері тамаша сыйлық – тігін шеберханасын, токарлық-слесарлық шеберханаға жаңа жабдықтар және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың заманауи бөлмесін алды.

Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні және Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында «Таңшолпан» балалар үйінің және даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері тамаша сыйлық – тігін шеберханасын, токарлық-слесарлық шеберханаға жаңа жабдықтар және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың заманауи бөлмесін алды.

Бұл оқушыларға қажетті практикалық дағдыларды игеруге, өз бетінше ересек өмірде сәтті әлеуметтенуге және сұранысқа ие маман болу үшін саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі.

Балаларды әлеуметтендіру және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу мақсатында жағдай жасағаны үшін «Gummins» компаниясы мен «AYALA» қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here