Ақмола облысында телевизиялық жобаның тұсаукесері өтті

0
486

Ақмола облысында «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Аталған жобаны тамашалауға Мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық құрылымдарының төрағалары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары және т. б. шақырылды.

Премьераның соңында жоба қатысушылары жобаның түсірілімі кезіндегі өз әсерлерімен, сондай-ақ, бейнефильмді көрумен бөлісті.

Айта кетейік, телевизиялық жобаның тұсаукесері Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында өтіп, көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here