Сатпаевта жабық футбол стадионы жаңартылды

0
448

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Сатпаев қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін спорттық-сауықтыру кешенінің жабық футбол стадионы ашылды. Спорт ғимараты қайтадан толық жүктемемен жұмыс істейді.

Жұмыстар «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүргізілді. Жаңа күмбез тұрғызылды. Сонымен қатар, алаңның жасанды жабыны мен жарықтандыру жаңартылды.

– Спорттық нысан жаңа өмірге ие болды. Бұл біздің қаламызда спорттың дамуына серпін береді. Мұнда жас футболшылар мен әуесқой спортшылардың қатысуымен ауқымды жарыстар өтеді, – деп атап өтті Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Жаңартылған стадионда «Қазақмыс» және қалалық ұйымдар командалары арасында шағын футболдан жолдастық матч өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here