Алакөлдіктер алғаш рет муай-тайдан жеңімпаз атанды

0
1462

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласының спорт басқармасы жауынгерлік өнер ассоциациясының қолдауымен Алматы қаласында 5-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында шотокан карате-до, пенчак-силат, қоян-қолтық ұрыс, муай-тай және джиу-джитсу спорт түрлерінен жарыс өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-нан астам жас қатысқан. Аталмыш жарыста ауданымыздың намысын үш спортшы – Ерасыл Дауытбекұлы, Бақтияр Марат және Азат Нүсіпхан қорғады.

«Алғаш рет залға келген кезде бұндай жетістіктерге жетемін деп ойламаған едім. Көп тер төктім, жаттықтырушыммен аянбай еңбек еттім. Міне, бүгін соның нәтижесін көріп отырмын. Енді келесі жарыстарта кеткен кемшіліктерді ескере отырып, қызу дайындығымды жалғастыратын боламын, – деді муай-тай спорттық жарысының жеңімпазы Бақтияр Марат.

Күш пен жігерді талап ететін спорт түрін жаңға серік еткен спортшылардың байрақты додада бой көрсетуіне септігін тигізіп жүрген бапкер Асан Шәкеновты айтып өтпеске болмас.

«Еліміздің барлық аймағынан жиналған жастарымыз бақ сынаған муай–тай жарысында өрендеріміз үздік атанды. Әрине, жарыс болған соң, бәсекелестік жоғары болды. Соған қарамастан жастарымыз жарады. Әрқайсысы ерекше өнер көрсетіп, ауданымызға 2 алтын, 1 күміс медалін қоржынға салды. Бұл біз үшін үлкен жетістік», – деді жеңімпаз өрендердің бапкері Асан Шакенов. 

Касиет Арстан, Алакөл ауданы әкімінің Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here