Мемлекеттік қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ғылыми зерттеулер қарқын алуда

0
1490

2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатын бөлу кезінде орын алған сыбайлас жемқорлық жанжалдары бәріміздің есімізде болар. Туындаған келіспеушіліктердің негізгі себебі, конкурс нәтижелерінің ашық болмауы және әділетсіздігі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (МҒТС) шекті балдарының көрсетілмеуі болатын. Ұлттық ғылыми кеңестер қаржы қаражатын бөлуде сол кезеңде негізсіз жұмыс істеген, олардың құрамы объективті түрде бекітілмеген.

Айта кету керек, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитеті 2020 жылдан бастап көптеген жылдар бойы жинақталған проблемаларды жою үшін қысқа мерзім ішінде үлкен жұмыс атқарды. Іске асырылған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды құралдары болып табылатын шаралардың мынадай блоктарын бөліп көрсетуге болады:

  • ҰҒК отырыстарының онлайн-трансляциясы енгізілді, олардың күні мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығының FB-парақшасында алдын ала хабарланады;
  • 2020 жылдан бастап ҰҒК құрамы мен олардың басшылары екі рет өзгерді, яғни кадрларды тұрақты ротациялау жүріп жатыр;
  • экономикалық сараптама енгізілді, оның қорытындылары қаржыландыру сомасы туралы шешімге  және жобаны, бағдарламаны мақұлдау туралы шешімге жеткілікті әсер етеді;
  • МҒТС шекті балы енгізілді, оны еңсеру өтінімді ҰҒК қарауына беру үшін міндетті;
  • ҰҒК шешімдерін қабылдаудың жаңа тетігі бекітілді, ол бір жағынан ҰҒК мүшелерінің дауыс беруіне қарамастан, МҒТС (30+) жоғары балл алған өтінімді мақұлдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан, ҰҒК мүшелерінен алынғандарды қоса алғанда, төмен баллмен өтінімдерді мақұлдауды болдырмайды;
  • ҰҒК мүшелерінің, МҒТС сарапшыларының Әдеп кодекстері қолданысқа енгізілді;
  • МҒТС, отандық және шетелдік сарапшылар базасы жаңартылды, отандық сарапшылардың еңбекақысы едәуір артты;
  • ғылыми зерттеулерді егжей-тегжейлі талдауды, жүзеге асырылатын шығындардың негізділігін бағалауды қамтамасыз ететін жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігіне мониторинг жүргізудің жаңа тетіктері енгізілді;
  • ҰҒК жұмысында формализм жойылды, ұпайларды тікелей эфирде беру кезінде ҰҒК мүшелерінің дауыс беруін өткізудің жаңа механизмі іске қосылды, ал алынған балл ҰҒК мүшелері бағалау парағын толтырғаннан кейін бірден экранда көрсетілу қарастырылған;
  • тиісті өтініштерді беру кезінде мүдделі тұлғаларға ҰҒК шешімдерін түсіндіру тәжірибесі жүзеге асырылуда;
  • жаңа жылдан бастап жаңа орган, Апелляциялық комиссия жұмыс істейді, ол ҰҒК шешімдерімен келіспейтін тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ ҰҒК мүшелерінің Әдеп кодексін бұзу фактілерін қарайтын болады;
  • ғылыми қызмет нәтижелерін қабылдау, жарияланымдардың мерзімді орындалуы, мақалалар, шолулар және т. б. мазмұны бойынша қойылған талаптарды орындау мәселелері күшейтілді.

2021 жылғы қазанда ҚР Үкіметінің қаулыларымен үш негізгі НҚА – Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Ереженің, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының, базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының жаңа редакциялары қабылданды.

Нәтижесі:

  • барлық конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі айтарлықтай қысқартылды;
  • гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі қысқартылды;
  • конкурстық өтінімдерге міндетті қосымшалар қысқартылды;
  • формальды тексеру рәсімі енгізілді, нәтижесінде іс жүзінде техникалық бұзушылықтар салдарынан бірде-бір өтінім конкурстан алынбауға тиіс;
  • МҒТС нәтижелерімен қайталануды болдырмайтын ҰҒК гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді бағалаудың жаңа параметрлері іске қосылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің оның барлық көріністеріндегі маңызды қадамдары ғылымды қаржыландырудың едәуір ұлғаюы, конкурстар санының өсуі, жас ғалымдарды ғылымға бекіту және зерттеу қызметі үшін лайықты жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларға ерекше қолдау көрсету болды.

Жалпы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті үлкен жұмыстар атқарды, бірақ, бұл болашаққа сыбайлас жемқорлық көріністерінің проблемаларын шешуге жеткіліксіз болды. Ендігі жаңа кезеңде – ғылым саласындағы лоббизм мен сыбайлас жемқорлықты жоятын жүйелі өзгерістер басталады. ҰҒК жұмысына қатысты шағымдар, қабылданған шешімдерге қатысты мәселелер, ғылымды қаржыландыруда ұйымдастырушылық және заңнамалық өзгерістерді өмірге енгізу бойынша дамытуды талап етеді. Аталған жұмыстың жаңа қағидаттық тәсілдері және бағыттары ғылыми жұртшылықпен кеңінен талқылануы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының алдында – ұлттық ғылыми кеңестер жұмысының объективтілігін арттыру үшін жағдайлардың жасалуы және МҒТС мен оның сарапшыларының транспаренттілігі, бейтараптылығын қамтамасыз ету мәселелері тұр.

Хамзин А.Ш., з.ғ.д., профессор

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here