Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден басталады

0
1306

Биылғы жылы Қазақстанның алты қаласына, соның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді орындайтын әуе компаниялары анықталды. Содан тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды. Әуе билеттерінің құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе бағыты, Көкшетау және Петропавл қалаларына 3 әуе бағыты, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі әуе бағыты кіреді.

Субсидияланатын әуе бағыттар коммерциялық пайдалану үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, оның орнына өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарына тұрақты ұшуларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын бағыттар

Бағыттар Әуе компания Аптасына бағыт саны Билет құны, теңге
01 Нұр-Сұлтан – Балқаш Оңтүстік аспаны 7-10 9 000
02 Нұр-Сұлтан – Үржар Оңтүстік аспаны 7-10 16 000
03 Алматы – Балқаш Оңтүстік аспаны 7-10 14 000
04 Алматы – Үржар Оңтүстік аспаны 7-10 14 000
05 Нұр-Сұлтан – Үшарал SCAT 7-14 16 000
06 Алматы – Үшарал SCAT 7-14 15 000
07 Алматы – Көкшетау SCAT 2 25 000
08 Нұр-Сұлтан – Петропавл SCAT 3 10 000
09 Алматы – Петропавл Qazaq Air 2-3 25 000
10 Алматы – Жезқазған Qazaq Air 3-4 20 000
11 Өскемен – Қарағанды Оңтүстік аспаны 3 22 000
12 Қарағанды – Қызылорда Оңтүстік аспаны 2 18 000
13 Көкшетау – Ақтау SCAT 2 25 000
14 Түркістан – Ақтау SCAT 3 25 000
15 Түркістан – Ақтөбе Qazaq Air 3-4 20 000
16 Түркістан – Қарағанды SCAT 3 18 000
17 Түркістан – Өскемен Qazaq Air 3 25 000
18 Түркістан – Орал Qazaq Air 3 25 000
19 Түркістан – Қостанай Qazaq Air 3 20 000
20 Түркістан – Павлодар Qazaq Air 3 25 000
21 Түркістан – Петропавл Qazaq Air 3 20 000
22 Түркістан – Көкшетау SCAT 2 20 000
23 Түркістан – Талдықорған Qazaq Air 3 16 000

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here