Алыс бекеттерге медициналық пойыз аттанды

0
1350

Қазақстанда басталған «Медициналық пойыз» жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Биыл дәрігерлер қатарына медиатор мен заңгер мамандары қосылды. Осылайша 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алады деп күтілуде.

26 сәуір Алматы-2 станциясынан салтанатты түрде жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтитын болады.  Шараға дәрігерлер мен теміржолшылар, ардагерлер, өнер қайраткерлері, БАҚ және басқа да тараптар қатысты.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес – Jibek Joly телеарнасымен ынтымақтастықта іске асырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында денсаулық пойыздарының шалғай станциялардың тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетуі игі дәстүрге айналды. Тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша 150-ге жуық станцияның 80 649 тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алып, оның ішінде 21 867-сі бала болды. Бұл ретте 5 097 адамға шағын ота жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. Барлығы науқастардың дәрігерлерге қаралу саны 389 388-ді құрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here