ҚР Президенті, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу

0
1688

С.Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық
қайырымдылық-патриоттық қорының, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Қ.Сәтбаев атындағы
Геология ғылымдары институтының
Қазақстан Республикасы Президенті, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы
 Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға
ҮНДЕУІ

Аса қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Еліміздің тұтастығы мен бірлігіне қауіп-қатер төнген сындарлы сәтте Сіз тарихи жауапкершілікті мойныңызға алып, сыртқы дұшпандар мен діни экстремистер ұйымдастырған лаңкестік әрекеттерге лайықты тойтарыс бере білдіңіз. Биік парасат пен ұстамдылықтың арқасында елдігімізді, мемлекеттігімізді сақтап қалу жолында батыл шешімдер қабылдап, көпшіліктің көкейіне сенім ұялатуға тікелей ықпал еттіңіз. Дәл мезгілінде қабылданған тарихи шешімдердің нәтижесінде қантөгіс қырғын тоқтап, халық босқынға ұшырау қаупінен арылды.

Осы күндері ең көп зардап шеккен Алматы – еліміздің мәдени-рухани, қаржы орталығы. Алматының зиялы қауымы Сіздің ізгі бастамаларыңыздың басы-қасынан табылуды өздерінің азаматтық, перзенттік парызы деп біледі. Осыған орай, дәл осындай күрделі кезеңде біз Өзіңіздің жасампаз істеріңізге өз үлесімізді қосатынымызды мәлімдейміз.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Ел басына күн туған жауапты сәтте біз Өзіңіздің мемлекетті жаңғыртуға бағытталған, Жаңа Қазақстан құру жолындағы істеріңізді толығымен қолдайтынымызды білдіргіміз келеді. Еркіндікке, бостандық пен әділетке бағытталған бастамаларыңыз жарқын болашағымыздың да бастауы болғай!

С.Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық-патриоттық қорының төрағасы М.Нәлібаев

«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор М.Телегусов

Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының директоры, академик Г.Жолтаев

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here