Күзде қазақстандық студенттердің шәкіртақысы артады

0
709

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар шәкіртақысының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар шәкіртақысының мөлшері 15%-ға артқан болатын. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы – 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрады.  Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да 20%-ға өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Ал, магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі»,– деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here