Есімін табыс көзіне айналдырған футболшы

0
1657

Әрине, біреудің ақшасын санау әдепсіздік болар. Дегенмен, қарапайым ғана отбасынан шыққан спортшылардың қалай табысқа кенелгені оқырманға қызық болса керек. Мысалы, Пеле (Эдсон Арантис ду Насимент) – есімін брендке айналдырып, одан табыс тапқан әлемдегі бірінші спортшы.

Бразилия сапында футболдан үш рет әлем чемпионы (1958, 1962, 1970) болып, «Футбол патшасы» атанған Пеле атағы жер жарып тұрғанын пайдаланып, «темірді қызған кезінде соғады». Яғни, аяғынан нық тұра алмай жатқан бразилиялық «Cacique» компаниясына өзінің атақты атын пайдалануды ұсынады. Сөйтіп, 1972 жылы футболшы кофе шығаратын компаниямен келісімге қол қояды. Аталған келісімнен екі тарап та қыруар қаржыға кенеледі. Өйткені, «Pele» кофесі ішкі де, сыртқы да нарықта үлкен сұранысқа ие болады. Келісім бойынша «Cacique»  компаниясы  Пелеге  70  млн  доллар көлемінде қаламақы төледі. Қазірдің өзінде әрбір ішілген кофенің кесесі үшін 82 жастағы футболшының қалтасына қосымша ақша түседі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here