Шаруалар 1 ақпаннан бастап меншігіндегі малды тіркетуге міндеттеледі

0
463

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрғындарды меншігіндегі малды тіркетуге шақырды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Баспасөз хатшысы Дамир Аспан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасында «Жасыл дәліз-3″ функционалын іске қосуды тапсырды. Бұл тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және тіркеу жөніндегі жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді. Функционал 2022 жылғы 1 ақпаннан 31 мамырға дейін жұмыс істейді. Бұл тек арнаулы аймаққа ғана емес, бүкіл елдің шаруашылығына қатысты», – деп нақтылады Дамир Аспан.

Айта кетсек, 26-27 қаңтар аралығында Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша бірінші вице-министр Айдарбек Сапаров бастаған жұмыс тобы Маңғыстау облысына барды. Вице-министр хабарлағандай, 2021 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін азық құнын ішінара өтеуге Үкімет резервінен 1,9 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Маңғыстау облысының әкімдігі іс жүзінде 1,2 млрд теңгені игерген. Өңірде 733 шаруа қожалығы және 281 089 мал басына 6 776 жеке қосалқы шаруашылық субсидия алды. Ал, малдың есепке алынуының маңыздылығы қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек көрсетуде көрінді. Себебі, малы есепке алынбаған шаруалар көмек алуда бірқатар кедергіге ұшырады.

2021 жылғы 10 тамыз бен 10 қазан аралығында өңірде шаруалар бұрын есепке алынбаған малын тіркетті, яғни «Жасыл дәліз-2» іске асырылды. Нәтижесінде, есепте жоқ 71 343 мал анықталған. Ведомство Үкімет резервінен есепке алынған мал басына 664,2 млн теңге қаражат бөлу туралы Қаржы министрлігіне хат жолдады. Енді елімізде «Жасыл дәліз-3» іске қосылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here