17 жасқа дейінгі балаларды ұшақта тегін алып жүру қалай жүзеге асады?

0
1233

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ел аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары бекітілді. Қағидалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Субсидиялау отбасылық әуе тасымалдауды қолжетімді етеді, ішкі туризмді дамыту үшін қосымша ынталандыру болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шара:

1) ерікті;

2) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар, азаматтығы жоқ тұлға саналатын 17 жасты қоса алғанға дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыға қолжетімді;

3) кәмелетке толмаған жолаушының ата-анасымен немесе жақын туысымен ұшуы кезінде қолданылады;

4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады;

5) ішкі туризм саласындағы туроператорға өткізілген туристік өнімге енгізілген балалар әуе билеттерінің құнын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Балалар әуе билеттерін субсидиялау операторы – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ.

Балалардың әуемен тегін ұшуы үшін туристер туристік өнімді сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жоспарланған демалыс жасауы қажет.

Тегін әуе тасымалдау ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен жүргізіледі.

Туристік өнімді өткізгеннен кейін балалар әуе билеттеріне жұмсалған соманы қайтару үшін ішкі туризм саласындағы туроператор «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға өтініммен және қажетті құжаттармен жүгінеді.

Мысалы: 2 ересек және 2 кәмелетке толмаған баладан (10 және 12 жас) тұратын отбасы Маңғыстауда демалыс өткізуді жоспарлады. Отбасы ішкі туризм саласындағы туроператордан 500 мың теңге тұратын турөнімді, оның ішінде барлық отбасы мүшелері үшін екі жаққа ұшуды сатып алды. Ішкі туризм саласындағы туроператор балаларға арналған тегін әуе тасымалды ұсынады. Барлығы турөнім үшін төленетін сома 400 мың теңгені құрады. 100 мың теңге балалар әуе билеттерінің құнынан шегергерілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here